
Крещение мейрамында мұзды суға түсу ережелері:
1. Қауіпсіз орынды таңдаңыз – тек құтқарушылар мен медицина қызметкерлері бақылау жасайтын арнайы жабдықталған жерлерде шомылыңыз.
2. Денеңізді қыздырыңыз – суға түсер алдында жеңіл жаттығу жасаңыз.
3. Абайлап жақындаңыз – таймайтын аяқ киім киіңіз. Баспалдақтың орнықты екеніне және суда сақтандыру арқаны бар екеніне көз жеткізіңіз.
4. Қауіпсіз шомылыңыз:
· Басыңызды суға батырмаңыз (тамырлардың түйілу қаупі бар);
· Мойын деңгейіне дейін ғана сүңгіңіз;
· Суда 1 минуттан артық болмаңыз, жүзбеңіз.
5. Балаларға ерекше көңіл бөліңіз – оларды жалғыз қалдырмаңыз, қастарында болыңыз.
6. Суға түскеннен кейін дереу жылыныңыз – денеңізді жақсылап сүртіп, құрғақ, жылы киім киіңіз. Ыстық шай ішіңіз. Алкоголь ішуге болмайды.
7. Денсаулығыңызды ескеріңіз – егер созылмалы ауруларыңыз болса, шомылудан бас тартыңыз.
Шұғыл байланыс нөмірлері: 112 немесе 101.