
Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты А. Нұғманов Қарғалы аудандық «AMANAT» партиясының жұмысымен танысты. Сапар барысында депутат партия филиалының ұйымдастырушылық жұмысы, аудан тұрғындарына көрсетіліп отырған әлеуметтік-қоғамдық қызметтері, сондай-ақ жастарды, отбасы және қарттар санатын қолдауға бағытталған жобалары туралы ақпарат алды. Партияның жергілікті деңгейде халықпен байланыс орнату, қоғамдық бастамаларды қолдау және әлеуметтік маңызды мәселелерді шешу бағытындағы қызметі атап өтілді.