
⚜️ Қарғалы ауданының әкімі облыс әкімінің қабылдауында болды
📌 2026 жылдың 2–3 қаңтар күндері Қарғалы ауданының әкімі Нұрлыбек Унербаев облыс әкімі Асхат Шахаровтың қабылдауына қатысты. Қабылдауға Ақтөбе қаласының әкімі, аудан әкімдері, басқарма басшылары және облыс әкімінің орынбасарлары қатысты.
📈 Кездесу барысында өңірдің 2025 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары қаралып, негізгі бағыттар бойынша атқарылған жұмыстардың нәтижелері талданды. Қарғалы ауданының әкімі аудан көлемінде іске асырылған жобалар, қойылған міндеттердің орындалуы және қол жеткізілген көрсеткіштер жөнінде баяндады.
🏛️ Президент тапсырмаларын орындау мәселесіне ерекше назар аударылды. Мемлекеттік бағдарламалардың жүзеге асырылуы, инженерлік және әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту, сондай-ақ тұрғындардың өмір сапасын арттыруға бағытталған шаралар талқыланды.
⚖️ Сонымен қатар, жекелеген салалардың дамуын тежеп отырған проблемалық мәселелер анықталып, оларды шешу жолдары ұсынылды. Жұмысты жүйелі ұйымдастыру, ведомствоаралық өзара іс-қимылды күшейту және басшылардың жеке жауапкершілігін арттыру қажеттігі атап өтілді.
🌟 Кездесу қорытындысында облыс әкімі Асхат Шахаров 2025 жылы өңірде бірқатар маңызды нәтижелерге қол жеткізілгенін атап өтті. Атап айтқанда, ауылдық инфрақұрылым жаңғыртылып, елді мекендерді газдандыру жұмыстары кеңейтілді, жаңа мектептер мен медициналық нысандар пайдалануға берілді, жол және әлеуметтік сала объектілерінің жағдайы жақсарды.
✅ Облыс әкімі алдағы кезеңде қойылған міндеттердің уақытылы әрі сапалы орындалуын қамтамасыз етуді, іске асырылып жатқан жобаларға бақылауды күшейтуді және нақты нәтижелерге қол жеткізуді тапсырды.