
«Құрметті аудан тұрғындары!
Сіздерді келе жатқан Жаңа жыл мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!
Өтіп бара жатқан жыл ауданымыз үшін әлеуметтік-экономикалық дамудың маңызды кезеңі болды. Жыл бойы мемлекеттік бағдарламалар аясында бірқатар инфрақұрылымдық, әлеуметтік және экономикалық жобалар жүзеге асырылып, тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған жүйелі жұмыстар атқарылды.
Бұл жетістіктер – аудан тұрғындарының бірлігі мен ортақ жауапкершілігінің, еңбек ұжымдары мен сала мамандарының тынымсыз еңбегінің нәтижесі. Алдағы жылы да ауданның тұрақты дамуын қамтамасыз ету, инвестициялық ахуалды жақсарту, шағын және орта бизнесті қолдау, сондай-ақ әлеуметтік саланың тиімділігін арттыру негізгі басымдықтардың қатарында болмақ.
Жаңа жыл әр отбасыға амандық, денсаулық пен тұрақтылық әкелсін. Алдымызға қойған жоспарларымыз сәтті жүзеге асып, ауданымыздың дамуы жолындағы игі істер жалғасын таба берсін.
Баршаңызға бейбіт өмір, кәсіби табыс және жаңа жетістіктер тілеймін!