
Жыл қорытындысы бойынша Қарғалы ауданының әкімі Нұрлыбек Унербаев ауданның жыл үздіктерін марапаттады.
Салтанатты шара барысында түрлі салаларда жоғары нәтижелерге қол жеткізген, өз ісіне жауапкершілікпен қарап, кәсіби шеберлігін көрсеткен үздік қызметкерлерге құрмет көрсетілді. Аудан басшысы өз сөзінде жыл бойы атқарылған жұмыстардың нәтижесі ең алдымен еңбек адамдарының табандылығы мен бірлескен жұмыстың жемісі екенін атап өтті.
Нұрлыбек Унербаев марапат иелеріне алғысын білдіріп, алдағы уақытта да ауданның дамуы жолында аянбай еңбек етіп, жаңа биіктерді бағындыра берулеріне тілектестік білдірді.