
Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың "Таза Қазақстан"жалпыұлттық экологиялық акциясы аясында Қарғалы ауданының әкімі Нұрлыбек Унербаев ауданның тазалығы мен абаттандырылуына үлес қосып жүрген еңбек адамдарына ерекше құрмет көрсетті.
Күннің ыстығы мен суығына қарамай, көшелерді тазалау, жолдарды күтіп ұстау, коммуналдық және өзге де шаруашылық жұмыстарды атқарып жүрген азаматтарды арнайы барып құттықтап, алғысын білдірді.