Бүгін Қарғалы ауданының әкімі Нұрлыбек Унербаевтың төрағалығымен аппараттық жиналыс өтті.

Бүгін Қарғалы ауданының әкімі Нұрлыбек Унербаевтың төрағалығымен аппараттық жиналыс өтті.

Бүгін Қарғалы ауданының әкімі Нұрлыбек Унербаевтың төрағалығымен аппараттық жиналыс өтті. Жиын барысында бірқатар маңызды мәселелер қаралды.
Атап айтқанда, қысқы кезеңде ауданда төтенше жағдайлардың алдын алу бойынша атқарылып жатқан жұмыстар туралы жауапты сала басшыларының баяндамалары тыңдалды. Сонымен қатар аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын қыс мезгілінде күтіп-ұстауға дайындық барысы талқыланды.
Жиналыста жұмыспен қамту жөніндегі өңірлік картаның орындалу деңгейі, жоспарланған көрсеткіштердің жүзеге асырылуы және алдағы міндеттер сөз болды. Бұдан бөлек, атқарушылық тәртіп пен мемлекеттік қызметшілердің әдеп нормаларын сақтау мәселелері де назардан тыс қалмады.
Жиын қорытындысы бойынша аудан басшысы тиісті сала жетекшілеріне нақты тапсырмалар беріп, көтерілген мәселелердің уақытылы әрі сапалы орындалуын қатаң бақылауда ұстау қажеттігін атап өтті.