Ауданда аудан әкімінің дәстүрлі Жаңа жылдық шырша кеші ерекше сән-салтанатпен өтті.

Ауданда аудан әкімінің дәстүрлі Жаңа жылдық шырша кеші ерекше сән-салтанатпен өтті.

Ауданда аудан әкімінің дәстүрлі Жаңа жылдық шырша кеші ерекше сән-салтанатпен өтті. Биыл мерекелік шараға ауданның әр ауылынан 100 бала жиналып, ауданның бас шыршасының айналасында шаттық пен қуанышқа бөленді.

Шараға оқу, спорт және өнер салаларында белсенділігімен, талантымен көзге түскен оқушылар шақырылып, олардың әрқайсысы мерекенің басты қонағына айналды. Балалар ертегі кейіпкерлері қатысқан қызықты қойылымды тамашалап, көңілді ойындарға қатысып, ән айтып, би билеп, шынайы мерекелік көңіл күйді сезінді.

Шырша кеші балалар үшін ұмытылмас әсерге толы болып, жүректеріне жылулық пен сенім ұялатты. Мерекеде аудан әкімі Н. Унербаев жас қонақтарды Жаңа жылмен құттықтап, ақ тілегін арнап, естелік сыйлықтар табыс етті.

Бұл жарқын кеш балалардың жүзінен күлкі кетпей, жаңа жылға деген үміт пен қуаныш сыйлаған әсерлі мерекеге айналды.