
Қайырлы күн Құрметті Қарғалы ауданының тұрғындары!
Ауа райының қолайсыздығына байланысты, электр желілерінде қалындығы 10 см дейін мұз қатуы және техникалық ақаулар орын алуда.
Осыған орай, елді мекендерде, мұзды қағу жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Осы жұмыстардың қауіпсіз өтуі үшін электр желілеріне 24.12.2025 бастап уақытша жарық беру тоқтатылуда. Бұл жұмыстар уақытылы жүргізілмесе, бағаналар құлап, электр желілері үзілуіне әкеліп соғуы мүмкін.
Қазіргі таңда аудан бойынша Қосестек, Ащылысай, Әлімбет, Велиховка елді мекендерінде электр желісінде ақауды іздеу жұмысымен Энергосистеманың 3 бригадасы тиісті жұмыстар жасауда. Барлығы 29 адам, 5 техника жұмыс жасауда. (Қарабұтақ - Қосестек бағыты бойынша 674 бағана , Велиховка - Ақжайық 197 бағана)
Қазіргі таңда Қосестек, Ақжайық, Велиховка елдімекендерінде жарық қосылды. Ащылысай, Әлімбет ауылдарында мұз қағу жұмыстары жалғасуда. 8 адам, 2 бригада, 2 техника.
Аталған жұмыстар ауыл тұрғындарының қауіпсіздігі мен халықтың өмір сүруін қамтамасыз ету үшін атқарылып жатыр.
Құрметті тұрғындар аталмыш мәселеге түсіністікпен қарауыңызды сұраймын.