Қарғалы ауданында «Жылдың үздік жастары-2025» атты салтанатты шара жоғары деңгейде өтті.

Қарғалы ауданында «Жылдың үздік жастары-2025» атты салтанатты шара жоғары деңгейде өтті.

Қарғалы ауданында «Жылдың үздік жастары-2025» атты салтанатты шара жоғары деңгейде өтті. Маңызды әрі тағылымды жиынға Қарғалы ауданының әкімі Нұрлыбек Унербаев қатысып, жастарға деген зор қолдауы мен сенімін білдірді.

Жастар форумында ауданның қоғамдық өміріне белсене араласып, оқу, еңбек, шығармашылық және спорт салаларында жоғары жетістіктерге қол жеткізген үздік жастар марапатталып, арнайы сыйлықтар табыс етілді. Бұл марапат – жас буынның еңбегін бағалап, олардың жаңа белестерді бағындыруына серпін беретін маңызды қадам болды.
Салтанатты шара барысында ауданның талантты өнерпаздары әсем ән мен әсерлі би ұсынып, көрермендерге көтеріңкі көңіл күй сыйлады. Сонымен қатар, жастардың белсенділігін арттыруға бағытталған түрлі қызықты ойындар мен интерактивті бағдарламалар ұйымдастырылды.


Аталған шара аудан жастарының бірлігін нығайтып, олардың әлеуетін арттыруға, ел болашағына деген сенімін күшейтуге бағытталған мазмұнды кездесу болды.