
Қарғалы ауданында Энергетика күніне орай аудан әкімі Нұрлыбек Унербаев «Бадамша-Сервис» КМК қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтады.
Құттықтау барысында аудан басшысы мекеме ұжымы тарапынан ағымдағы жылы бірқатар маңызды жұмыстар атқарылғанын атап өтіп, бұл жұмыстар алдағы уақытта да өз жалғасын табатынын жеткізді. Сонымен қатар, сала қызметкерлерінің ауданның тұрақты дамуына қосып отырған үлесіне ерекше тоқталды.