
Қарғалы ауданының әкімі Нұрлыбек Унербаевтың қатысуымен Қарғалы аудандық мәслихатының кезекті сессиясы өтті.
Сессия барысында Қарғалы аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысының міндетін атқарушы А. Искаков баяндама жасап, ауданның әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері, жергілікті бюджеттің атқарылу барысы және алдағы кезеңге арналған жоспарлар жөнінде жан-жақты ақпарат ұсынды. Баяндамада бюджет қаражатының тиімді пайдаланылуы, мемлекеттік бағдарламалардың іске асырылуы және 2026-2028 жылдарға арналған бюджетті бекіту мәселелері айтылды.
Сондай-ақ сессияда депутаттар тарапынан қойылған сұрақтарға тиісті жауаптар беріліп, ұсыныстар мен пікірлер айтылды. Күн тәртібіндегі мәселелер жан-жақты талқыланып, нәтижесінде тиісті шешімдер қабылданды.
Сессия қорытындысы бойынша жауапты мемлекеттік органдарға нақты тапсырмалар жүктеліп, алдағы жұмыс бағыттары айқындалды.