
Қарғалы ауданының әкімі тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдау өткізді
Қарғалы ауданының әкімі Нұрлыбек Унербаев "AMANAT" партиясының ғимаратында аудан тұрғындарын жеке сұрақтары бойынша қабылдау өткізді. Қабылдау барысында тұрғындар өздерін қызықтыратын әлеуметтік, тұрмыстық және құқықтық мәселелерді ортаға салды.
Аудан басшысы азаматтардың өтініштері мен ұсыныстарын мұқият тыңдап, әрбір мәселені жекелей қарастырып, шешу жолдарын түсіндірді. Қабылдау соңында барлық көтерілген мәселелер бойынша тиісті мамандармен бірлесіп, нақты шаралар қабылданатыны атап өтілді.
Аудан әкімдігі тұрғындардың мәселелерін тыңдап, қолдау көрсетуге әрдайым ашық екенін хабарлайды.