
Қарғалы ауданында «Жұмысшы мамандықтар жылы» аясында салтанатты қорытынды шара өтті.
Бүгін Қарғалы ауданының әкімі Нұрлыбек Унербаевтың қатысуымен «Адал еңбек – ел негізі» атты салтанатты шара ұйымдастырылды. Шарада еңбек адамдарының қоғамдағы орны мен рөлі, кәсіби шеберліктің маңызы ерекше атап өтілді.
Салтанатты шарада жұмысшы мамандығының қызметкерлері сөз сөйлеп, өз жетістіктерін кеңінен баяндады.
Аудан басшысы өз сөзінде еңбек адамдарының ел дамуы мен қоғам өміріндегі маңызды рөлін атап өтіп, адал еңбек пен кәсіби шеберлікті насихаттаудың маңыздылығын жеткізе отырып, белсенді қызметкерлер марапатқа ие болды.