
Мобилография: жастарға арналған тренинг өтті
Қарғалы аудандық жастар ресурстық орталығының коворкинг алаңында «Мобилография негіздері» атты тренинг өтті.
Шараға түрлі саладағы белсенді жастар қатысып, мобильді телефон арқылы сапалы фото және видео түсірудің қыр-сырын меңгерді.
Тренингті тәжірибелі мамандар — Бақбергенов Әділжан мен Кульманов Дастан жүргізді. Спикерлер қатысушыларға кадр құру, жарық пен көлеңкені дұрыс пайдалану, ракурсты таңдау, мобильді қосымшаларда өңдеу тәсілдері секілді маңызды дағдыларды практикалық түрде үйретті.
Жастар өз смартфондары арқылы бірден тәжірибе жасап, өз жұмыстарын талдау мүмкіндігіне ие болды.