
МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕРМЕН ӘДЕП ЖӨНІНДЕ КЕЗДЕСУ ӨТТІ
Бүгін Ақтөбе облысы бойынша Әдеп жөніндегі уәкіл Р. Омарова және Ақтөбе облыстық ақпараттық түсіндіру тобының мүшесі, теолог С. Саматовтың қатысуымен мемлекеттік қызметшілердің ҚР мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексі мен ҚР «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодексі талаптарын сақтау, сондай-ақ, діни сауаттылығын арттыру бағытында кездесу өтті.
Кездесу барысында Р. Омарова мемлекеттік қызметшілерге Әдеп кодексі талаптарын қатаң сақтау, құқық бұзушылықтардың алдын алу және тәртіптік жауапкершілікке әкелуі мүмкін жағдайларды болдырмау жөнінде түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Сонымен қатар, теолог С.Саматов қазіргі қоғамда діни сауаттылықты арттырудың маңыздылығын түсіндірді.
Кездесуде мемлекеттік қызметшілермен сұрақ-жауап алмасу ұйымдастырылып, шара мемлекеттік қызметшілердің құқықтық мәдениетін нығайтуға өз үлесін қосты.