Ауданда «Зорлық зомбылықсыз 16 күн» акциясы ұйымдастырылды.

Ауданда «Зорлық зомбылықсыз 16 күн» акциясы ұйымдастырылды.

Ауданда «Зорлық зомбылықсыз 16 күн» акциясы ұйымдастырылды.

Бүгін аудандық ішкі саясат бөлімінің қолдауымен және «Сенім» отбасыны қолдау орталығының ұйымдастыруымен Шәмші Қалдаяқов ауылында қорытынды іс-шара өтті. Оған Петропавловка ауылының тұрғындары және Ақтөбе қаласынан келген қонақтар қатысты.

Іс-шара аудандық конференция форматында өтіп, «AMANAT» партиясының аудандық филиалының атқарушы хатшысы, аудандық ішкі саясат бөлімі басшысы, мемлекеттік органдар өкілдері, «Кеңес» жастар қоғамдық бірлестігі, отбасы-демографиялық саясат мамандары, психолог маман қатысты.

Кездесудің мақсаты — отбасы-демографиялық саясатты жүзеге асыру, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу және отбасы институтын нығайту мәселелерін талқылау болды.
Конференцияға 40-тан астам адам қатысты.

Психолог маман отбасы қатынастары мен қауіпсіздік тақырыбында практикалық тренинг өткізді.

✨ Зорлық-зомбылыққа жол жоқ, саналы ұрпақ — жарқын болашақ!