Бүгін Бадамша ауылдық округінде Қарғалы ауданының әкімі Нұрлыбек Унербаевтың қатысуымен «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында кең көлемді сенбілік ұйымдастырылды.

Бүгін Бадамша ауылдық округінде Қарғалы ауданының әкімі Нұрлыбек Унербаевтың қатысуымен «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында кең көлемді сенбілік ұйымдастырылды.

Бүгін Бадамша ауылдық округінде Қарғалы ауданының әкімі Нұрлыбек Унербаевтың қатысуымен «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында кең көлемді сенбілік ұйымдастырылды. Іс-шараның басты мақсаты — елді мекен аумағын абаттандыру, қоршаған ортаны қорғау және тұрғындар арасында экологиялық мәдениетті ынталандыру.

Сенбілік барысында ауыл көшелері, қоғамдық орындар, саябақ пен жол бойлары қоқыстан тазартылып, жасыл аймақтарды күтіп-баптау жұмыстары жүргізілді. Акцияға аудан тұрғындары, мемлекеттік мекеме қызметкерлері, мектеп ұжымдары мен еріктілер белсенді түрде атсалысты.

Аудан әкімі Нұрлыбек Унербаев шараның маңыздылығын атап өтіп, «Таза Қазақстан» акциясының қоғамды ортақ мақсатқа біріктіретінін және әр азаматтың туған жерінің тазалығына жауапты екенін жеткізді.

Осындай іс-шаралар Қарғалы ауданында алдағы уақытта да жүйелі түрде жалғасын табатын болады.