Бүгін аудан әкімі Нұрлыбек Унербаевтың төрағалығымен Қарғалы ауданындағы балық өсіру шаруашылықтарының жетекшілерімен кездесу өтті.

Бүгін аудан әкімі Нұрлыбек Унербаевтың төрағалығымен Қарғалы ауданындағы балық өсіру шаруашылықтарының жетекшілерімен кездесу өтті.

Бүгін аудан әкімі Нұрлыбек Унербаевтың төрағалығымен Қарғалы ауданындағы балық өсіру шаруашылықтарының жетекшілерімен кездесу өтті. Жиынға Тобыл–Торғай өңіраралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясының өкілдері мен аудандық бөлім басшылары қатысты.

Кездесу барысында балық шаруашылығын дамытуға қатысты бірқатар маңызды мәселелер талқыланып, саланын қазіргі жағдайы мен алдағы жоспарлар жан-жақты қарастырылды. Шаруашылық жетекшілері өз ұсыныстарын ортаға салып, туындаған сұрақтарына егжей-тегжейлі түсіндірмелер алды.

Аудан басшысы саладағы проблемаларды шешу үшін тиісті мемлекеттік органдармен бірлесе жұмыс істейтінін атап өтіп, балық шаруашылығының тұрақты дамуына қолайлы жағдай жасау басты міндеттердің бірі екенін жеткізді. Сонымен қатар, кездесуде су айдындарын тиімді пайдалану, заң талаптарын сақтау, шабақтандыру жұмыстарын күшейту және экологиялық тепе-теңдікті сақтау мәселелеріне ерекше назар аударылды.