Қарғалы ауданының әкімі Нұрлыбек Унербаев пен Бадамша ауылдық округінің әкімі Ернар Дабилдиннің ауыл тұрғындарымен кездесуі өтті.

Қарғалы ауданының әкімі Нұрлыбек Унербаев пен Бадамша ауылдық округінің әкімі Ернар Дабилдиннің ауыл тұрғындарымен кездесуі өтті.

Қарғалы ауданының әкімі Нұрлыбек Унербаев пен Бадамша ауылдық округінің әкімі Ернар Дабилдиннің ауыл тұрғындарымен кездесуі өтті. Іс-шараның басты мақсаты – өңірдегі әлеуметтік-экономикалық ахуалды талқылау, тұрғындардың өзекті мәселелері мен ұсыныстарын тыңдау және ауылдың әрі қарайғы дамуына қатысты жоспарлармен бөлісу болды.

Кездесу барысында ауыл инфрақұрылымын жақсарту, абаттандыру жұмыстары, жолдардың жай-күйі, коммуналдық қызметтердің сапасы, сондай-ақ білім беру мен денсаулық сақтау салаларындағы мәселелер сөз болды. Аудан әкімі тұрғындар тарапынан көтерілген әрбір сұраққа жан-жақты жауап беріп, нақты тапсырмалар жүктеді.

Тұрғындар да өз кезегінде ауылдағы өзекті мәселелерді көтеріп, оларды шешуге қатысты ұсыныстарын білдірді. Аудан басшысы тарапынан айтылған пікірлер мен ұсыныстар назарға алынып, алдағы жұмыс жоспарларына енгізілетіні жеткізілді.