
Қарғалы ауданының әкімі Нұрлыбек Унербаев пен Степной ауылдық округінің әкімі Гүлмайра Нұредилованың Степной және Қайрақты ауылдарының тұрғындарымен кездесуі өтті.
Кездесуде округтің өткен жыл ішіндегі әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары, атқарылған жұмыстар және алдағы жоспарлар жан-жақты талқыланды. Әкім ауыл инфрақұрылымын жақсарту, елді мекендерді абаттандыру, жолдарды күтіп-ұстау, ауызсу жүйелерін жаңғырту, сондай-ақ мал шаруашылығын қолдау бағытында жүзеге асқан шараларға тоқталды.
Кездесу барысында тұрғындар тарапынан бірқатар мәселелер көтерілді. Олардың арасында коммуналдық қызмет сапасы, көшелерді жарықтандыру, жолдардың жағдайы, жастарды қолдау және қоғамдық қауіпсіздік мәселелері де бар. Аудан басшысы барлық сұрақтарға толыққанды жауап беріп, кейбір мәселелер бойынша тиісті бөлімдерге тапсырмалар берілді.
Жиын ашық диалог форматында өтіп, жергілікті билік пен тұрғындар арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға ықпал етті. Есеп беру кездесуі ауылдардың дамуына тың серпін беріп, алдағы міндеттерді айқындауға мүмкіндік жасады.