
2025 жылдың 25 қарашасында «Заң мен Тәртіп» қағидасын іске асыру мақсатында Қарғалы ауданы прокуратурасының үйлестіруімен аудан көлемінде орналасқан №2 Бадамша орта мектеп оқушыларына «Прокурорлық сағаты» жобасы шеңберінде оқу сабағы өткізілді.
Аталған шараның негізгі мақсаты – оқушылардың құқықтық сауаттылықтарын арттыру, өз әрекеттері үшін жауапкершілікті сезіне білуге үйрету, қандай құқықтары мен міндеттері бар екенін түсіну, жағымсыз немесе кауіпті жағдайларға тап болмау жолдарын көрсету болып табылады.