
Бүгін аудан әкімі Нұрлыбек Унербаевтың төрағалығымен аппараттық жиналыс өткізілді. Жиын барысында жеке тұрғын үй секторында өрт қауіпсіздік шараларын қабылдау, жұмыспен қамту өңірлік картасының орындалуы, сондай-ақ бюджет қаражатын игеру және мемлекеттік сатып алулардың өткізілу барысы жөніндегі мәселелер қаралды.
Күн тәртібіндегі сұрақтар бойынша жауапты бөлім басшыларының есептері тыңдалып, аталған бағыттарда жұмысты жандандыру және қойылған міндеттердің сапалы әрі уақытылы орындалуын қамтамасыз ету жөнінде тиісті тапсырмалар берілді.