«Үйге қауіпсіздік» республикалық акциясы шеңберінде Қарғалы ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі, Жастар ресурстық орталығының мамандарымен, еріктілерімен және аудандық полиция қызметкерлерімен бірлесіп, тұрғын үйлерді аралау жұмыстарын ұйымдастырды.

«Үйге қауіпсіздік» республикалық акциясы шеңберінде Қарғалы ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі, Жастар ресурстық орталығының мамандарымен, еріктілерімен және аудандық полиция қызметкерлерімен бірлесіп, тұрғын үйлерді аралау жұмыстарын ұйымдастырды.

«Үйге қауіпсіздік» республикалық акциясы шеңберінде Қарғалы ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі, Жастар ресурстық орталығының мамандарымен, еріктілерімен және аудандық полиция қызметкерлерімен бірлесіп, тұрғын үйлерді аралау жұмыстарын ұйымдастырды. Рейд барысында мамандар халықпен кездесіп, жылыту кезеңіндегі қауіпсіздік шаралары жөнінде түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Тұрғындарға келесі мәселелер бойынша кеңес берілді:
▪️ тұрмыстық газды қауіпсіз әрі дұрыс пайдалану тәртібі;
▪️ газ құралдарында ақау байқалған жағдайда жасалуы тиіс алғашқы әрекеттер;
▪️ жабдықтарды жоспарлы түрде тексеруден өткізудің маңызы;
▪️ көміртегі тотығының қаупі және одан қорғану тәсілдері.

Сонымен қатар үйлерге ақпараттық жадынамалар таратылып, көміртегі тотығын анықтайтын датчиктер орнатылды. Мамандар әр тұрғынның сұрағына жеке жауап беріп, қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыруға бағытталған қосымша түсіндірмелер жасады.

🔸 Іс-шараның басты мақсаты — тұрғындардың өмірі мен денсаулығын қорғау, жылыту маусымында туындауы мүмкін төтенше жағдайлардың алдын алу.
Қауіпсіздік ережелерін ұдайы сақтай отырып, әрқайсымыз өзімізді және жақындарымызды келеңсіз жағдайлардан қорғай аламыз.