«Қазақстанның Еңбек Ері» атағын иеленген Аманғос Төлеуовті Қарғалы ауданының әкімі Нұрлыбек Унербаев құрмет көрсетті.

«Қазақстанның Еңбек Ері» атағын иеленген Аманғос Төлеуовті Қарғалы ауданының әкімі Нұрлыбек Унербаев құрмет көрсетті.

Аудан әкімі Нұрлыбек Унербаев Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен еліміздің ең жоғары марапаттарының бірі – «Қазақстанның Еңбек Ері» атағы табысталған «Степное» ЖШС директоры Аманғос Сансызбайұлы Төлеуовпен кездесіп, атаулы марапатымен шын жүректен құттықтады.

🔹 Кездесу барысында аудан басшысы Аманғос Сансызбайұлының ауыл шаруашылығы саласына сіңірген өлшеусіз еңбегін ерекше атап өтіп, өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан зор үлесін жоғары бағалады.

Төрт онжылдықтан астам уақытты осы салаға арнаған Аманғос Төлеуов – Ақтөбе облысының аграрлық бағыттағы ең тәжірибелі, жаңашыл мамандарының бірі. Ол бидай өсіру, мал шаруашылығы және қайта өңдеу салаларында заманауи технологияларды батыл енгізіп, шаруашылық мәдениетін жаңа деңгейге көтерді.

Бүгінде оның басшылығымен дамып отырған «Степное» ЖШС – тек ауданның ғана емес, бүкіл өңірдің ауыл шаруашылығы бойынша үздік үлгісіне айналған іргелі агроқұрылым.

Бұл марапат – қажырлы еңбектің, табандылық пен маңдай тердің жемісі, ауылға адал қызмет етудің лайықты бағасы.