
15 қараша – Ұлттық валюта-теңге күніне орай Қарғалы ауданының әкімі Нұрлыбек Унербаевтың қатысуымен қаржы саласы қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне арналған салтанатты шара өтті.
Іс-шара барысында ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына елеулі үлес қосып, өз жұмысына жоғары жауапкершілікпен қарайтын бірқатар мамандар Алғыс хаттармен марапатталды.
Аудан әкімі құттықтау сөзінде қаржы саласының тұрақты жұмыс істеуі өңірдің дамуы мен қоғамның әл-ауқатын арттырудағы маңызды фактор екенін атап өтті. Сондай-ақ, сала мамандарына кәсіби шеберлігі мен адалдығы үшін алғыс білдіріп, алдағы жұмыстарында табыс тіледі.
Салтанатты жиын жылы лебізге толы атмосферада өтіп, қаржы саласы қызметкерлерінің еңбегін бағалауға бағытталған игі дәстүрдің жалғасы болды.