Қарғалы аудандық қаржы бөлімінің басшысы А.Ұлықпанов Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен жүзеге асырылып жатқан «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы туралы өз пікірін білдіріп, бұл бастаманы толық қолдайтынын атап өтті.
Ол аталған акцияның қоғамда экологиялық жауапкершілікті арттыруға және табиғатты қорғау мәдениетін қалыптастыруға үлкен серпін беретінін айтты. Сондай-ақ, мұндай шаралар тұрғындарды ортақ іске біріктіріп, туған жердің тазалығы мен көркіне үлес қосуға мүмкіндік беретінін ерекше атап өтті.