«Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы аясында Қарғалы су қоймасында ауқымды экологиялық шара өткізілді.

«Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы аясында Қарғалы су қоймасында ауқымды экологиялық шара өткізілді.

♻️«Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы аясында Қарғалы су қоймасында ауқымды экологиялық шара өткізілді.

🌿Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен жарияланған «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы аясында Қарғалы су қоймасының аумағында ауқымды экологиялық шара ұйымдастырылды. Іс-шараның негізгі мақсаты – қоршаған ортаны қорғау, экологиялық мәдениетті арттыру және тұрғындарды табиғатты аялауға шақыру болды.

📌Іс-шараға аудан әкімі Нұрлыбек Унербаев қатысып, 100-ге жуық тұрғындармен бірге тазалық жұмыстарына атсалысты. Өз сөзінде аудан басшысы Президенттің экологиялық бастамалары қоғамның жауапкершілігін арттыруға және еліміздің табиғи байлығын сақтауға бағытталғанын атап өтті.

Шараға жастар мен жергілікті тұрғындар белсене қатысты. Қатысушылар су қоймасының жағалауын қоқыстан тазарту жұмыстарын жүргізді.

🔆Бұл экологиялық акция өңір тұрғындарының табиғатқа деген жанашырлығын арттырып, таза әрі қолайлы ортаны қалыптастыруға бағытталған маңызды қадам болды.