Кәсіпкерлер Палатасының директоры Дидар Боранқұловтың, өңірлік кеңес мүшесі және «Ауыл» партиясынан облыстық мәслихат депутаты Кәмшат Төлеуованың қатысуымен Карғалы ауданына іссапар ұйымдастырылды.

Кәсіпкерлер Палатасының директоры Дидар Боранқұловтың, өңірлік кеңес мүшесі және «Ауыл» партиясынан облыстық мәслихат депутаты Кәмшат Төлеуованың қатысуымен Карғалы ауданына іссапар ұйымдастырылды.

📍Кәсіпкерлер Палатасының директоры Дидар Боранқұловтың, өңірлік кеңес мүшесі және «Ауыл» партиясынан облыстық мәслихат депутаты Кәмшат Төлеуованың қатысуымен Карғалы ауданына іссапар ұйымдастырылды. Сапар барысында кәсіпкерлермен кездесу өтіп, жаңа нысандардың жұмысы көрілді және өзекті мәселелер талқыланды.
🔹 Қосестек ауылында «Gazer» ЖШС тәулігіне 4 тоннаға дейін сүт өңдей алатын «Біздің таңдау» брендімен мини-сүт зауытын қайта іске қосуда. Компания басшысы Ануар Толепбай өндірісті Ақтөбеден Карғалы ауданына көшіру туралы шешім қабылдады. Оның айтуынша, мұнда шикізаттық база мен өсу әлеуеті бар, ал жоба жаңа жұмыс орындарын ашады. Кездесуге қатысқан аудан әкімі Нұрлыбек Өнербаев бастаманы қолдап, жер бөлу мен инфрақұрылым мәселелерін шешуге дайын екенін жеткізді.
🔹 «Степное» – аймақты 40 жылдан бері нан, ет және жартылай фабрикаттармен қамтамасыз етіп келе жатқан кәсіпорын. Мұнда шұжық цехын жаңғырту жоспарлануда.
🔹 Петропавл ауылында «BEEFBONS KZ» ЖШС шұжық өнімдерін шығарады. Палата өнім сапасын сертификаттау бойынша кеңес береді.
🔹 «Ардагым» шаруа қожалығы тауарлы балық шаруашылығымен айналысып келеді. Жоспарда – бекіре фермасын кеңейту. Қожалыққа қаржыландыру және қолдау бағдарламалары бойынша сүйемелдеу қажет.
🔹 Айнагүл Исаалиеваның этнотуристік жобасы қонақтарды киіз үйге, көрініс алаңына және атпен серуендеуге шақырады. Болашақта – сақ моншасы мен балаларға арналған этностильдегі лагерь салу жоспарланған. Палата кәсіпкерлерге салалық кеңеске қосылуға, мемлекеттік бағдарламалар бойынша кеңес беруге, турмаршрут әзірлеуге және электрмен жабдықтау сияқты техникалық мәселелер бойынша заңгерлік қолдау көрсетуге дайын.
🤝 Барлық нысандарда кәсіпкерлер мемлекеттік бағдарламалар, қаржыландыру және инфрақұрылым мәселелері бойынша кеңес алды.
📢 «Мұндай сапарлар жай ғана кездесулер емес. Бұл – нақты кері байланыс, мәселелерді шешуге көмек және бизнесті дамытуға арналған жаңа құралдар», – деді Палата директоры Дидар Боранқұлов.
📢 «Өңдеуші кәсіпорындарға мемлекеттік қолдау, шикізат және кәсіби сүйемелдеу қажет. Осындай кездесулер бизнеске үміт қана емес, нақты даму құралдарын береді», – деп атап өтті агросекторда тәжіребесі мол сарапшы Кәмшат Төлеуова.