Аудан әкімі Нұрлыбек Унербаевтің төрағалығымен ІІІ тоқсандағы аудан әкімдігі жанындағы құқық бұзушылықтың алдын алу жөніндегі ведомствоаралық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі аймақтық комиссияларының бірлескен отырысы өтті.
Отырыста: жол қозғалысы қауіпсіздігі, бөтеннің мүлкін ұрлау және мал ұрлығының алдын алу бойынша, пробациялық бақылау және жол құрылысы, білім салаларында сыбайлас жемқорлыққа қарсы жүргізіліп жатқан жұмыстар жөнінде, сонымен қатар Ащылысай, Кемпірсай ауылдық округтерінің құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында атқарылып жатқан шаралары туралы тыңдалып, талқыланды.
Комиссия отырысының қорытындысы бойынша тиісті тапсырмалар мен бірқатар ұсыныстар берілді.