Қарғалы ауданының әкімі Нұрлыбек Унербаевтың қатысуымен Қарғалы аудандық мәслихатының сессиясы өтті.
Сессия барысында аудан басшысы атқарылған жұмыстар жөнінде есеп беріп, өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы, халықтың тұрмыс сапасын жақсарту, мемлекеттік бағдарламалардың орындалуы бойынша кеңінен тоқталды.
Сонымен қатар Қарғалы аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы инфрақұрылымды дамыту, елді мекендерді абаттандыру, көлік және жол саласындағы жұмыстар туралы баяндама жасады. Қарғалы аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы аудан бюджетінің орындалуы, инвестициялық жобалар және алдағы кезеңге арналған жоспарлар туралы ақпарат ұсынды.
Сессияға қатысушылар ұсыныстарын білдіріп, маңызды мәселелер талқыланды. Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша шешімдер қабылданып, ауданның дамуына бағытталған нақты міндеттер айқындалды.