✔️Өңір басшысы Асхат Шахаровтың Қарғалы ауданына жұмыс сапары басталды. Сапар аясында аудан елді мекендерінде жүзеге асырылып жатқан жол жөндеу және инфрақұрылымдық жұмыстарды қарап шықты.
🔹Петропавл ауылында әкімге Қарғалы және Абай көшелерінде аяқталған күрделі жол жөндеу жұмыстары таныстырылды. Жөндеуді мердігер ұйым – «DEN-Group Plus» ЖШС 337,6 млн теңгеге атқарды. Жолдың жалпы ұзындығы – 2,9 шақырым. Жоба мерзімінде аяқталып, пайдалануға берілді. Еске салайық, аталған жолдың салынуын 2025 жылдың ақпан айында облыс әкімінің ауданға жұмыс сапары барысында ауыл тұрғындары сұраған еді.
💭«Биыл 14 ақпанда ауылға келгеніңіз әлі есімде. Көктемгі су тасқынына қарсы шараларды қарадыңыз. Сол жүздескен кезде Абай және Қарғалы көшелеріне жол сұрадым. Көтерген мәселеге назар аударып, ақша бөліп, қолдағаныңызға рахмет. Ауыл тұрғындарының қуанышында шек жоқ», - Петропавл ауылының тұрғыны Петр Лясото.