Қарғалы ауданында әлеуметтік бағыттағы тұрғын үй құрылысы жүргізілуде

Қарғалы ауданында әлеуметтік бағыттағы тұрғын үй құрылысы жүргізілуде

Қарғалы ауданында әлеуметтік бағыттағы тұрғын үй құрылысы жүргізілуде

Қарғалы ауданында халықтың әлеуметтік осал топтарын қолдау мақсатында коммуналдық тұрғын үйлердің құрылысы басталды. Атап айтқанда, Шәмші Қалдаяқов ауылында екі пәтерлі үш үйдің іргетасы қаланып, құрылыс жұмыстары қарқынды жүріп жатыр.

Аталған үйлер аз қамтылған және көп балалы отбасыларға берілетін болады. Бұл бастама аудандағы тұрғындардың өмір сүру жағдайын жақсартуға және әлеуметтік тұрақтылықты нығайтуға бағытталған.

Қарғалы ауданының әкімі Нұрлыбек Унербаев жұмыс сапарымен құрылыс нысанында болып, атқарылып жатқан жұмыстардың барысымен танысты. Аудан басшысы жауапты мердігерлерге құрылыс сапасына ерекше көңіл бөліп, белгіленген мерзімде аяқтауды тапсырды.