Қарғалы ауданында кәсіпкерлер мен тұрғындарға құқықтық көмек көрсету қабылдауы өтті.

Қарғалы ауданында кәсіпкерлер мен тұрғындарға құқықтық көмек көрсету қабылдауы өтті.

Қарғалы ауданында кәсіпкерлер мен тұрғындарға құқықтық көмек көрсету қабылдауы өтті.

2025 жылғы 19 тамыз күні Шәмші Қалдаяқов ауылында бизнес субъектілеріне және аудан тұрғындарына құқықтық көмек көрсету мақсатында қабылдау жұмыстары ұйымдастырылды.

Іс-шараға аудан прокуроры Е. Урекешов пен аудан әкімі Н. Унербаев қатысып, кәсіпкерлер мен бюджет саласының қызметкерлерін жеке сұрақтарымен қабылдады. Сонымен қатар мемлекеттік мекемелердің басшылары да қатысып, қойылған сауалдарға нақты жауап беріп, құқықтық және консультативтік көмек көрсетті.

Қабылдаудың негізгі мақсаты – азаматтарға құқықтық кеңес беру, заң талаптарын түсіндіру, мемлекеттік қызметтерді алу тәртібін түсіндіру, сондай-ақ ауданның қоғамдық-саяси және криминогендік жағдайына ықпал ететін өзекті мәселелерді анықтау болып табылады.

Аталған шара кәсіпкерлікті дамытуға, халықтың құқықтық сауаттылығын арттыруға және мемлекеттік органдар мен азаматтар арасындағы тиімді қарым-қатынасты нығайтуға ықпал етеді.