Қарғалы ауданының орталығында «Ауылдар күні» мерекелік жоспарына сәйкес Әлімбет ауылдық округінің бастамасымен мазмұнды мәдени-көпшілік іс-шара ұйымдастырылды.

Іс-шара барысында ауылдың тарихы, мәдениеті мен дәстүрін кеңінен насихаттауға бағытталған түрлі бағдарламалар ұсынылды. Қатысушылар спорттық жарыстарды, қолөнер және кітап көрмесін, ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесін тамашалады. Сондай-ақ балалар мен ересектерге арналған танымдық ойындар мен байқаулар өткізілді.

Сонымен қатар, ауыл өнерпаздарының қатысуымен қойылған концерттік бағдарлама көрермендерге көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, мерекелік шараның мәнін айшықтай түсті.

Бұл күн ауыл тұрғындары мен қонақтары үшін ерекше мерекеге айналып, ел ішіндегі татулық пен бірлікті нығайтуға ықпал етті.