95-летний юбилей Народного артиста Казахстана Шамши Калдаякова

95-летний юбилей Народного артиста Казахстана Шамши Калдаякова

Қазақстанның еңбек ері, «Отан» орденінің иегері, Қазақстанның халық әртісі, белгілі композитор Шәмші Қалдаяқовтың 95 жылдық мерейтойы Қарғалы ауданына қарасты Шәмші Қалдаяқов ауылында аталып өтті.

Іс-шараға Қарғалы ауданының әкімі Нұрлыбек Унербаев қатысып, ұлы сазгердің ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, тағзым етті. Әрі қарай мерекелік бағдарлама аудан өнерпаздарының сахналық қойылымдары мен ән шашуымен жалғасын тапты.

Бұл мерейтойлық шара халықтың рухани өмірінде өшпес із қалдырған Шәмші Қалдаяқовтың шығармашылығын дәріптеуге, жас ұрпақты өнерге баулуға бағытталды.