Қарғалы ауданында жол инфрақұрылымын жаңарту жұмыстары қарқынды жүргізілуде
Қарғалы ауданы Петропавловка ауылындағы Қарғалы және Абай көшелерінің тас жолын күрделі жөндеу жұмыстары бекітілген мерзімге сай жүйелі түрде атқарылуда.
Қарғалы ауданының әкімі Нұрлыбек Унербаев аталған нысанда болып, жұмыс барысын арнайы барып бақылап шықты.
Жол жөндеу жұмыстарын «DEN-Group Plus» ЖШС мердігер мекемесі жүзеге асыруда. Құрылыс жұмыстарының ұзақтығы 5,5 ай, нақты мерзімі: 2025 жылғы 13 маусымнан 29 қарашаға дейін.
Жоба аясында техникалық және авторлық қадағалау жұмыстары да тиісті деңгейде ұйымдастырылған:
Техникалық қадағалаушы – «Grand Structure» ЖШС;
Авторлық қадағалаушы – «СпецСтройСогласование» ЖШС.
Бүгінгі күні асфальт жабындысы толықтай төселіп, нысанды пайдалануға беру үшін құжаттар жинақталуда.
Бұл жол жөндеу жобасы – ауылдың әлеуметтік-экономикалық дамуына бағытталған маңызды қадамдардың бірі. Жолдардың жаңаруы тұрғындардың күнделікті жүріп-тұруына қолайлы жағдай жасап, ауыл келбетінің жаңаруына оң әсерін тигізеді.
Сонымен қатар, бұл жоба – жергілікті тұрғындар үшін қауіпсіздік пен жайлылықтың кепілі ғана емес, сондай-ақ болашақта ауылға инвестиция тарту мүмкіндігін арттыратын инфрақұрылымдық негіз болмақ.