Аудан әкімі Нұрлыбек Унербаев жұмыс сапарымен егістік алқаптарын аралап, күздік бидай жинау науқанының барысын тексерді. Сапар барысында аудан диқандарының жұмыс қарқынымен танысып, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілермен кездесіп, өнімділік көрсеткіштері мен техникалардың жағдайын назарға алды.
Аудан басшысы науқанды тиімді әрі уақытылы аяқтау қажеттігін атап өтіп, жұмысшыларға сәттілік тілеп, жауапты сала басшыларына нақты тапсырмалар жүктеді. Сонымен қатар, ол астық сапасына, оның дұрыс сақталуы мен дер кезінде тасымалдануына ерекше мән беру қажеттігін жеткізді.
Аудан әкімдігі тарапынан егін жинау науқанына жан-жақты қолдау көрсетіліп, техникалық және ұйымдастырушылық мәселелер тұрақты бақылауда.