Кеңес Одағының батыры Әлия Молдағұлова
Кеңес Одағының батыры Әлия Молдағұлованың 100 жылдығына орай көпқабатты тұрғын үйдің қабырғасына ерліктің символына айналған батыр қыз Әлия Молдағұлованың бейнесі салынды.
Бұл игі бастама – өскелең ұрпаққа патриоттық тәрбие беріп, ел тарихындағы қаһарман тұлғаларды ұлықтаудың жарқын үлгісі.
Қабырға бетіне салынған портрет – батыр қыздың рухына тағзым етіп, оның ерлігі мен қайсарлығын бүгінгі және келер ұрпаққа үлгі ету мақсатында жүзеге асырылды. Көлемді әрі көркем бейне аудан келбетіне сән беріп қана қоймай, тұрғындар мен қонақтарға рухани әсер қалдырады.
Осындай жұмыстар арқылы жастардың бойында Отанға деген сүйіспеншілік пен тарихи сананы қалыптастыруға нақты үлес қосылады.
Ерлік пен елдік жолындағы Әлия Молдағұлова сынды батырлардың есімі ешқашан ұмытылмақ емес.