Қарғалы ауданының әкімі Нұрлыбек Унербаев кезекті жұмыс сапарымен Желтау ауылдық округінің Петропавл ауылында болды.

Қарғалы ауданының әкімі Нұрлыбек Унербаев кезекті жұмыс сапарымен Желтау ауылдық округінің Петропавл ауылында болды.

Бүгін Қарғалы ауданының әкімі Нұрлыбек Унербаев кезекті жұмыс сапарымен Желтау ауылдық округінің Петропавл ауылында болды.

Сапар барысында аудан басшысы ауылда жүзеге асырылып жатқан бірқатар инфрақұрылымдық жобалардың барысымен танысты. Атап айтқанда, «Қарғалы» және «Абай» көшелеріндегі автомобиль жолдарын күрделі жөндеу жұмыстарының сапасын тексеріп, мердігер ұйым өкілдеріне нақты тапсырмалар берді.

Сонымен қатар, төрт көшеде жүргізіліп жатқан жарықтандыру жүйесін орнату жұмыстары да назардан тыс қалған жоқ. Аудан әкімі аталған жобалардың ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған маңызды қадам екенін атап өтіп, барлық жұмыстардың сапалы әрі мерзімінде аяқталуын қамтамасыз етуді тапсырды.