Ағымдағы жылдың 19 маусым күні аудан басшысы Нұрлыбек Унербаевтың қатысуымен аудан мектептерін бітіруші түлектерге аттестат табыстау салтанатты рәсімі өтті. Бұл – әр жас түлек үшін ғана емес, барша ата-ана мен ұстаздар қауымы үшін де ерекше әрі толқулы сәт.
Салтанатты жиында аудан басшысы мектеп қабырғасынан түлеп ұшқан жас түлектерді құттықтап, ізгі тілегін жеткізді. Ол өз сөзінде:
«Жақсы біліммен, тағылымды тәрбиемен өскен ұл-қыздарымыз – еліміздің баға жетпес қазынасы, болашағымыздың берік тұғыры. Қай жолды таңдасаңыздар да, туған еліңіз бен жеріңіздің аманатын абыроймен арқалайсыздар деп сенеміз. Алда күтіп тұрған үлкен өмір жолында биік белестерді бағындыруларыңызға тілектеспін», – деді.
Құрметті мектеп бітіруші түлектер!
Болашақта еліміздің дамуына үлес қосатын білімді де білікті маман иелері болуларыңызға тілектеспіз. Армандарыңыз асқақ, келешектеріңіз кемел, жолдарыңыз ашық болсын! Ел сенімін ақтайтын саналы азамат болыңыздар!