Аудан әкімінің қатысуымен Бадамша және Степной ауылдық округтері әкімдерінің халықпен кездесуі өтті

Аудан әкімінің қатысуымен Бадамша және Степной ауылдық округтері әкімдерінің халықпен кездесуі өтті

Бүгін Қарғалы ауданының әкімі Нұрлыбек Унербаевтың қатысуымен Бадамша және Степной ауылдық округ әкімдері халықпен есеп беру кездесуі өтті. Жиында округ әкімі 2025 жылдың алғашқы бес айында атқарылған жұмыстар мен негізгі бағыттар бойынша жүзеге асырылып жатқан шаралар жөнінде есеп берді.

Кездесу барысында ауылдың әлеуметтік-экономикалық дамуы, инженерлік инфрақұрылым, абаттандыру және тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыру бағытындағы жұмыстар сөз болды. Тұрғындар әкім есебін тыңдап, өзекті мәселелер бойынша сұрақтар қойып, нақты ұсыныстарын білдірді.

Аудан басшысы тұрғындар тарапынан көтерілген әрбір мәселені мұқият тыңдап, олардың шешу жолдары қарастырылатынын атап өтті. Қажетті сұрақтар бойынша жауапты сала мамандарына нақты тапсырмалар берілді.

Кездесуден кейін аудан басшысы азаматтарды жеке мәселелері бойынша жеке қабылдап, әрбір өтінішке қатысты түсіндірмелер беріп, тиісті шаралар қабылдауға тапсырма жүктеді.