Аудан әкімі Нұрлыбек Унербаев аудан орталығында бой көтеріп жатқан аудандық аурухананың жанындағы құрылыс нысанында болып, атқарылып жатқан жұмыстармен танысты. Аудан басшысы мердігер мекеме өкілдерінен құрылыс барысы жөнінде толық ақпарат алып, жұмыс кестесінің сақталуын, пайдаланылып жатқан құрылыс материалдарының сапасына ерекше көңіл бөлуді тапсырды. Сонымен қатар, жауапты тұлғаларға құрылысты белгіленген мерзімде аяқтап, іске қосуға нақты тапсырмалар берілді.