Әкімнің ауыл тұрғындарымен кезекті есептік кездесуі өтті

Әкімнің ауыл тұрғындарымен кезекті есептік кездесуі өтті

Аудан әкімі Нұрлыбек Унербаев Желтау, Ш.Қалдаяков және Қос-Естек ауылдарының тұрғындарымен кезекті есепті кездесуін өткізді. Кездесу барысында ауылдық округ әкімдері 2025 жылдың 1 жартыжылдығында аудан көлемінде атқарылған жұмыстарға тоқталып, ауылдарды дамыту бағытында қолға алынған негізгі жобалар мен жоспарлар туралы кеңінен баяндады.

Аудан әкімі тұрғындар көтерген әрбір мәселені жеке-жеке назарға алып, бірқатарының шешімі жергілікті деңгейде жүзеге асатынын, ал күрделі мәселелер бойынша тиісті сала басшыларына нақты тапсырмалар берілетінін айтты.