Аудан әкімінің халықпен кезекті кездесуі өтті

Аудан әкімінің халықпен кезекті кездесуі өтті

Аудан әкімі Нұрлыбек Унербаев Велихов, Ақжайық және Жосалы ауылдарының тұрғындарымен кезекті есепті кездесуін өткізді. Кездесу барысында ауылдық округ әкімдері 2025 жылдың 1 жартыжылдығында аудан көлемінде атқарылған жұмыстарға тоқталып, ауылдарды дамыту бағытында қолға алынған негізгі жобалар мен жоспарлар туралы кеңінен баяндады.