Аудан әкімі Н.Унербаев Степной ауылдық округі аумағындағы шегірткеге қарсы өңдеу жұмыстарын бақылап келді. Ауданда үйірлі шегірткеге 32 000 га, ал саяқ шегірткеге қарсы 5000 га жерді өңдеу жоспарланған. Қазіргі уақытта 2 техника жұмыстарын жүргізуде. Аудан көлемінде жүргізіліп жатқан фитосанитариялық жұмыстарды жауапты мекемелердің қатаң бақылауында ұстауды мекеме басшыларына тапсырды. Қазіргі уақытта ахуал тұрақты.