Аудан әкімінің халықпен кездесуі өтті

Аудан әкімінің халықпен кездесуі өтті

Аудан әкімі Н.Унербаевтің Ащылысай ауылдық округіне қарасты Ащылысай, Ақкөл, Бозтөбе ауылдарының және Әлімбет ауылдық округіне қарасты Әлімбет ауылының тұрғындарымен кездесуі өтті.
Кездесу барысында округ әкімдері ағымдағы жылдың 4 айы бойынша атқарылған жұмыстары туралы есеп беріп, алдағы кезеңге арналған жоспарларымен бөлісті.
Сонымен қатар, аудан әкімі тұрғындар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беріп, кездесуден кейін тұрғындарға жеке қабылдау жүргізді.