Жиналыс барысында ауданның әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері, жұмыспен қамту өңірлік картасының орындалу барысы, көктемгі егіс науқанының жүргізілуі, сондай-ақ шегіртке зиянкестерінің таралуының алдын алу бағытында атқарылып жатқан іс-шаралар жан-жақты қаралды.
Баяндамашылар тиісті салалар бойынша атқарылған жұмыстар жөнінде мәлімет ұсынып, өзекті мәселелер мен оларды шешу жолдары бойынша ұсыныстарын білдірді. Жиын қатысушылары тарапынан бірқатар нақты сұрақтар қойылып, салалық бөлімдер арасында өзара іс-қимылды күшейту қажеттігі атап өтілді.
Аудан басшысы қаралған мәселелер бойынша нақты тапсырмалар жүктеп, олардың сапалы және уақытылы орындалуын жауапты тұлғаларға қатаң бақылауға алуды тапсырды.