"Бала. Қоғам. Отбасы" атты аудандық жалпы ата-аналар жиналысы өтті

"Бала. Қоғам. Отбасы" атты аудандық жалпы ата-аналар жиналысы өтті

Аудандық мәдениет үйінде "Бала. Қоғам. Отбасы" тақырыбында аудандық жалпы ата-аналар жиналысы ұйымдастырылды. Іс-шараға аудан әкімінің орынбасары, прокуратура, аудандық полиция және төтенше жағдайлар бөлімінің өкілдері, білім беру ұйымдарының басшылары, ақсақалдар кеңесі, мұғалімдер және ата-аналар қатысты.
Жиналыстың мақсаты – бала тәрбиесінде отбасының, мектептің және қоғамның бірлескен жауапкершілігін арттыру, балалардың қауіпсіздігі мен құқықтарын қорғау, жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу.
Кездесу барысында мектеп оқушыларының тәртібі, интернеттегі қауіпсіздік, кибербуллинг, құқықтық жауапкершілік, сондай-ақ ата-аналардың бала тәрбиесіндегі рөлі туралы өзекті мәселелер қозғалды. Сала мамандары ата-аналармен ашық пікір алмасып, түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Жиналыс соңында қатысушылар отбасы мен мектеп арасындағы өзара байланысты нығайту қажеттігін атап өтіп, балалардың жарқын болашағы үшін бірлесе жұмыс істеуге дайын екендіктерін білдірді.