
Бүгін Қарғалы ауданының әкімі Н.Унербаев жаңа лауазымға тағайындалған Ақтөбе облысы қорғаныс істері жөніндегі департаментінің бастығы, полковник Құмаров Ардақ Мақсоткерейұлын қабылдады.
Қабылдау барысында 2026 жылғы көктемгі әскерге шақыру науқанына дайындық мәселелері талқыланып, аудандық әскерге шақыру комиссиясының жұмысына қатысты нақты тапсырмалар берілді.
Сонымен қатар, полковник А.Құмаров аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімнің жеке құрамымен кездесіп, алдағы міндеттер мен жұмыс бағыттарын айқындады.
Іссапар аясында өзі білім алған Бадамша №1 орта мектебінде болып, оқушылармен кездесу өткізді. Кездесу барысында әскери-патриоттық тәрбие туралы әңгіме өрбіп, алғашқы әскери дайындық пәнінде қолданылатын пневматикалық қаруды мектеп ұжымына сыйға тартты.
Сондай-ақ, ауданның қорғаныс істері жөніндегі бөлімінде 25 жылдан астам қызмет атқарған ардагер Дубинина Лидия Фёдоровнаға келе жатқан мерекелеріне орай алғыс білдіріп, ізгі тілегін жеткізді.